Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 02.11.2026, 03:14

сайт Ибатулина Ибрагима Жоржевича

Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 971
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
посетители

условие задач Байги на казахском языке

 Баллы

Логика

Ребусы

Разнобой

10

Карлсон, Винни-Пух және Сиропчик тәттіқұмарлар жарысына қатысты. Карлсон екінші орынға ие болмады.

 Винни-Пух бірінші де, екінші де орынға ие болмады. Сиропчик қаншасыншы орынға ие болды?

Амал белгілерін және қажет болса жақшаларды дұрыс теңдік болатындай етіп қойып шық:

9    9    9    9    9 = 9.

 

Карим, Самат және Алмаз балық аулауға барды. Олардың әрқайсысы әртүрлі мөлшерде балық ұстады.  Самат пен Кәрим бірге 6 балық аулады. Алмаз бен Карим – 4 балық. Алмаз қанша балық аулады?

20

Федор ағай, мысық Матроскин, Шарик және  почтальон орындықта отыр. Егер барлығының оң жағында отырған Шарик,  Федор ағай мен мысықтың арасына отырса, онда мысық сол жағынан шеткі болып қалады. Олар қандай реттілікте отыр?

 Теңдік белгісінің сол жағынан көбейту белгісін дұрыс теңдік болатындай етіп қойып шық:

3    4    5    6 = 1904

 

Екі канистрде 20 литр бензин бар. Егер бір канистрден басқасына 1 литр бензин құйса, онда олардағы бензин 

тепе-тең болады. Канистрдің әрқайсысында қанша литр бензиннен бар.

30

Незнайканың досы Пончик қашан болмасын, қайда болса да және қанша керек болса, сонша тамақ жейтін. Егер ол бірінші күні балмұздақтың барлық порцияның жартысын және тағы 5 порция, ал екінші күні – қалған порцияның жартысын және соңғы 10 порция жеген болса, Пончик екі күнде қанша порция ғарыштық балмұздақ жеді?

Сандық ребусты шешіңіздер:

13+ТУРН+ИР = 2011

Жауапта барлық мүмкін нұсқаларды көрсетіңіздер (бірде-бір әріп 0-ге тең болмайды)

 

Үш дос столда жатқан қарындаштарды қалай бөлу керек екендігін шешті. Болат : «Егер әр қайсымыз 9 қарындаштан алсақ, онда біреуі жетпейді» - деді. Егер әрқайсысы 8 қарындаш­тан алса, онда қанша қарын­даш қалады?

40

Үш дос гимназияда оқиды. Олардың біреуі математикалық, екіншісі физикалық және үшіншісі биологиялық сыныптарда. Сонымен

белгілі: егер Алишер математик, онда Санжар физик. Егер Дәурен физик болмаса, онда Алишер ма­тематик. Егер Санжар математик болмаса, онда Даурен биолог. Әрбірінің мамандығын анықтаңыздар.

Сандық ребусты шешіңіздер:

****:***=**

(бұл ребуста барлық цифрлар әртүрлі)

Әкесі мен балалары велосипедтерпен келе жатты. Барлық велосипедтердің дөңгелегі 11 болды. Осы велосипедтердің нешеуі үш дөңгелекті, нешеуі екі дөңгелекті?

50

Сәуле, Аида және Наргиз үшін үш бәліш дайындалған: күрішпен, орамжапырақпен, атбасбұршақпен. Олардың екеуі бәлішті күрішпен, екеуі орамжапырақпен, екеуі атбасбұршақпен жейді. Олардың біреуі атбасбұршақпен бәлішті жақсы көрмейді, және көпжа­пырақпен де бәлішті жемейді, ал Сәуле күрішпен бәлішті жақсы көрмейді. Сонда кім не жейді?

Сандық ребусты шешіңіздер:

(РФМ–Ш)´(МА–Т)=2007

(бірде бір әріп 5-ке тең болмайды)

Клопс мырза бір жолы өзінің бағында отырды және ерік­кендіктен шыбындарды санады. Егер бұл үштаңбалы сан екендігі белгілі болса, оңдықтар саны жүздіктерге қарағанда 5-ке артық, ал бірліктер саны мүмкіндігінше ең үлкен болса, Клопс қанша шыбын санады? (Барлық мүмкін болатын нұсқаларды көрсетініздер!)

60

Үш дос Арман, Санжар  Даурен иттердің әр түрлі тұқымынан - колли, ротвейлер және овчаркадан күшік сатып алды және оларға Лесси, Джек және Гриф деп ат берді. Арманның күшігінің түсі овчаркаға, Лессиге және Джекке қарағанда қара­қоңыр, Санжардың күшігі Джектен, ротвейлерден және  овчаркадан үлкен. Балалардың әрқайсысының күшіктері қандай тұқымнан және олардың күшіктерінің аттары қандай?

ABCDEFGHJK он таңбалы сан. Ондағы А – санның жазылуындағы нөлдер саны, B – бірлер саны, C – екілер саны, және т.с. Осындай санға мысал келтіріңіздер.

Миллионер Скуперфилд, өзінің нашар мінезіне қарамастан, әртүрлі жануарларды жақсы көрді. Ол жарқыраған тоған бетіндегі ақшақардай құстарды көріп, таңқалғандығынан бір ауыз сөз айта алмай қалды. Бірақ-та санап үлгерді: бұл жұп сан, 30-дан артық, бірақ 50-ден кем, бұл сандардың цифраларының қосындысы 12-ге тең. Скуперфилд қанша ақшақардай құстарды көрді?

Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2026  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Copyright MyCorp © 2026
    Конструктор сайтов — uCoz